Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дәрігердің қателігі": Ернұр Абдуллаев неден қайтыс болды?

19:35, 28 қараша 2024 344

18 жастағы Ернұр Абдуллаев тамыз айының соңында Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының гематология бөлімшесіне түскеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz HALYQSTAN порталына сілтеме жасап.

Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындаған кезде, оның ішінде дәрілерді тамырға енгізу болған. Ернұрдың туыстары дәрігерлерге оның апластикалық анемиямен ауыратынын бірден ескерткен. Сондықтан оң қолына бірінші катетер қойылған.

“Мұндай ауруы бар науқастарға катетерді дәрігердің өзі немесе оның бақылауымен медбикелер қояды. Бірақ өз міндетіне немқұрайлы қараған дәрігер бұл тапсырманы медперсоналға жүктеген. Дәрі енгізу кезінде Ернұрдың қолында гематома пайда болды. Біз бұл туралы бірден медқызметкерлерге айттық. Медбике оны алып тастап, сол қолына жаңа катетер қойды. Үш күн бойы дәрілер сол катетер арқылы енгізілді. Алайда бұл күндері дәрілер тері астына кетіп отырған! Врачтар көп мөлшерде препараттарды тері астына жіберді”, – дейді Ернұрдың әпкесі Айжан Әріпжанова.

Оның айтуынша, Ернұр бірнеше рет дәрі енгізу кезінде ауырсыну мен күйдіру сезімін айтқан. Бірақ дәрігерлер мен медперсонал мұндай сезімнің қалыпты екенін, дәрілердің өзі ауыртатынын түсіндірген.

Қолдың ісінуі бірінші күннен басталған. Туыстары дабыл қаққанымен, гематолог-дәрігер гематоманың бірнеше күнде жазылатынын айтып, Вишневский жақпамайымен емдеуді ұсынған. 21 қазан мен 9 қараша аралығында Ернұрға қатты ауырсынуды басатын трамадол және морфин дәрілері берілген, өйткені сол қолы іріңдеп, қатты ауырған.

Айжанның айтуынша, катетер қойған медбике оқиғадан кейін жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ, өз міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін дәрігер де қызметінен шеттетілген.

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасы Ернұрдың қан ауруының қатерлі түрімен гематология бөлімінде бірнеше рет ем алғанын хабарлады.

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“Бұған дейін тексеру кезінде марқұмның анасы сот-медициналық сараптама жүргізуден бас тартқан және ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан. Дегенмен медициналық қызметкердің кәсіби міндетін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, — деп мәлімдеді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар