Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатпақшы

11:56, 22 ақпан 2022 326
 



«Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатып жатыр» деген қауесет негізсіз емес, шындыққа айнала бастағанға ұқсайды.

Бұл туралы «БЕСсимптомно» Telegram-арнасы хабарлайды.

Ақпанның 28-і күні Алматыда  «Коммерциялық телеарна» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.

Күн тәртібі:

  • 1) «КТК» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту.

  • 2) «КТК» АҚ жарияланған акцияларын шығару проспектісіне өзгерістер енгізу және өзгерістерді уәкілетті органда тіркеу.


Бірінші кездесу өтпесе, екіншісі 1 наурыз күніне белгіленді.

«КТК» АҚ жай акцияларының санын көбейтіп, сол арқылы негізгі акционерлердің бірінің үлесін сейілтуі ықтимал. Яғни, осылайша КТК телеарнасының меншік иесінің ауысуына әкеліп соғуы әбден мүмкін» делінген хабарламада.

«КТК» АҚ-ның негізгі акционері – 91,35% акциясы бар Дариға Назарбаева басқаратын «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры.

Бұған дейін хабарлағандай, Дариға Назарбаеваның 18 ақпанда Алматыдағы КТК телеарнасына барғаны туралы ақпарат болған, бірақ арнаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Одан кейін, Сергей Киселев «Еуразия» арнасынан кетіп, «Хабар» мен КТК иелері де ауысады деген ақпарат шықты.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар