Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды

15:31, 09 шілде 2026

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады Alash.kz🗣

Сотта анықталғандай, Данияр Елеусінов алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, Астана қаласының көшелерімен автокөлікті басқарып келе жатып 3 жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан жүргізуші:
жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соқтығысқан; 

басқа автокөлікпен соқтығысып, инерцияның әсерінен тағы бір автокөлікке соғылған;
кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар