Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дамудың дара жолында. Өзбекстанда робот-журналист пайда болды

09:56, 24 тамыз 2024 269

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі жасанды интеллект негізінде Собир Холдаров есімді арнайы робот-тілшіні жасап шығарды, деп хабарлайды ӨзА. Бұл туралы Қазақпарат жазды деп хабарлайды Alash.KZ  ұлттық порталы. 

Робот-тілші ресми ақпарат пен соңғы жаңалықтарды тоғыз тілде (өзбек, қазақ, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан) таратады.

Тілшіге Собира Холдарова есімінің берілуі кездейсоқ емес. Ол Орталық Азия мен Өзбекстандағы алғашқы кәсіби журналист әйел болды.

ЖИ негізінде робот-корреспондент жасау үшін журналист Дилдора Абдухалилованың прототипі пайдаланылды.

Тесттік режимде іске қосылған ЖИ бейнерепортаж ауқымын біртіндеп кеңейтеді. Ақпараттық қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.

ЖИ арқылы бейнерепортаждар жасау, әрине, үлкен мүмкіндік. Дегенмен оның өзіндік тәуекелдері де бар. Өйткені, қаскүнемдер өтірік пен жалған жаңалықтарға негізделген бейнероликтер жасап, агенттік атынан интернетте тарата алады. Сондықтан Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің атынан жалған бейнелер таралса, олардың шынайылығын тексеруге болады.

Ол үшін сілтемені белсендіру арқылы әрбір бейнеге арнайы QR коды орналастырылған, оның сілтемесі арқылы өтіп бейненің мәтінін ӨзА-ның ресми сайтынан оқуға болады. Егер ЖИ арқылы дайындалған видеода QR коды болмаса немесе сілтемесі ӨзA сайтына апармаса, бұл жалған бейне.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар