Интеллектуалды олимпиадалардың жеңімпаздарын біздің қоғам бағалайды ма?Барлығымыз тақымымызды қысып, Париждегі Олимпиададағы спортшыларымызға жанкүйер болып отырмыз. Туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалғанда көзімізге жас келіп, қуанып, мақтанамыз. Бүкіл ел болып Елдос, Гусман, Ислам және Александраның жеңістеріне қуандық.Негізі, менің ойымша, нәтижесіне қарамастан, осы олимпиадаға іріктеуден өтіп, қатысып жатқан барлық қатысушылар қошеметке лайық.Бірақ менің айтпағым басқа. Осы спортшыларымызбен бірге бізді қуантып жүрген тағы батырларымыз бар – ол біздің оқушыларымыз. Олар әлемдегі ең қиын және ең беделді олимпиадаларда жеңіске жетуде, бірақ өкінішке орай, олардың жетістіктері көлеңкеде қалып жатыр.Күні кеше ғана Қазақстан әлемдік химия олимпиадасында екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Ал оған дейін біздің мектеп оқушыларымыз әлемдік физика олимпиадасынан бес медаль алып келді. Оған дейін биология, математика, робототехника олимпиадаларындағы жеңістер болды... Тек соңғы 5 жылда олар әлемдік олимпиадаларда 1320 медаль жеңіп алды.Бұл керемет, таңғажайып жетістіктер, олар елдің құрметі мен қошеметіне лайық.Біз риторика деңгейінде білім культі, инновациялар мен ғылымның маңызы туралы майын тамызып айтамыз. Бірақ...Егер біз дамыған мемлекет болғымыз келсе, әлемдік интеллектуалды олимпиадаларда өз ақылымен, табандылығымен және еңбегімен жеңіске жеткендерді де іс жүзінде мойындап, қошеметеуіміз керек.Иә, мемлекет қазір балаларды қолдауға тырысып жатыр: 2021 жылдан бастап оларға алтын медаль үшін – 5 млн теңге, күміс және қола медаль үшін – 3 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарына түсуге гранттар беріледі, Президент мектеп оқушыларын қолдап отыр. Жақында біз, депутаттар, осындай балалардың "Болашақ" бағдарламасы бойынша грант алуына мүмкіндік беру үшін жаңа түзетулер енгіздік. Кезінде академиялық адалдық принциптерін енгізіп, шынайы мықты балаларды іріктеу жүйесін дамытқанның, оларды қолдап, жүйелі шараларды қабылдағанның негізінде міне нәтижесін көріп отырмыз, әлі де көреміз.Бұған қоса, біздің жас таланттарымызға қоғамның қолдауы мен мойындауы қажет.Жас зияткерлерімізді қолдайық, спортшыларымыз секілді оларды да мақтан тұтатынымызды білдірейік. Келісесіздер ме? - деді депутат.
"Дамыған мемлекет болғымыз келсе, интеллектуалды олимпиада жеңімпаздарын да қолдауымыз керек" - Асхат Аймағамбетов

Көбірек оқу
14:34, 29 шілде 2024 0
16:05, 29 шілде 2024 0
«Сенсіз маған». Мадина Сәдуақасова Сәкен Майғазиевке қатысты жаңалықты бөлісті
14:02, 23 ақпан 2025 226
«Не дейді? Рас па?»: Жұлдыз Әбдікәрімова Тәуекел Мүслімге қатысты сұраққа ұялып жауап берді
12:30, 23 ақпан 2025 909
"Жыныс мүшесіне қол тигізген”. 70 жастағы педофил 9 жасар қызды зорламақ болды
11:53, 23 ақпан 2025 324
“Аяғы ауыр”. Шымкенттегі психдиспансерде қыздарды зорлаған қызметкерлер жайлы сұмдық дерек шықты
10:08, 23 ақпан 2025 1106
Дарите женщинам цветы: Қазақтың танымал әншісі сөгіс алып, қара тізімге енді
18:33, 22 ақпан 2025 1432
Қайғылы жағдай: Тұрғын үй өртке оранып, ішінен тірідей жанып кеткен мәйіт табылды
17:27, 22 ақпан 2025 689
Дұғаны дұрыс тілеп жүрсіз бе?: Айнұр Тұрсынбаева береке сұраудың құпиясымен бөлісті
15:37, 22 ақпан 2025 568
Ақтөбеде спорт мектебі директорларының заңсыз жолмен 12 млн теңге табыс тапқаны айтылды
12:10, 22 ақпан 2025 276
"Неміс қызы болсам да, жүрегім «қазақ» деп соғады". Марина Венинг балаларды қазақша оқытып жүр
11:54, 22 ақпан 2025 394
Қызының бойжеткенін қаламаған. Ата-анасы баланы "өсірмеу мақсатында" аш қалдырған
10:55, 22 ақпан 2025 537
"Халқымыз әлі қайыршының күйін кешіп келеді". Белгілі қаламгер Дулат Исабеков жайлы сыр
09:22, 22 ақпан 2025 445