Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дайындалып жүрген: Нұрымов әулетінің адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады

22:03, 09 желтоқсан 2024 608

Марқұм Шерзат Болат отбасының адвокаты Саида Тәуекелова Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Шерзат ісі бойынша Нұрқанатпен бірге тергеуге күнделікті жауап алу кезінде бірге қатыстық. Ауыр психологиялық жағдайын байқамадық. Ол жауап алу сәттерінің бәрін, оның ішінде оқиға орнына барғанда да батыл түрде өткерді. Сәрсенбі күні сотқа баруымыз керек болатын. Ол сотта біз "жала жабу", БАҚ-та "жалған ақпарат тарату" баптары бойынша арыз түсіргенбіз. Сол бойынша сот басталуы керек еді. Дайындалып жүргенбіз. Кеше де байланыста болдық. Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың осы істі қозғағанына қуанған едім. Көмектесуге де тырыстық. Отбасында кіріс болсын дедік. Олар ешкімнен ештеңе сұрамады. Бұл жаңалық бәріміздің төбемізге жай түскендей болды", – деді адвокат Саида Тәуекелова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар