Әлеуметтік желіде "Человек в маске" деген атпен танылған қайырымдылықпен айналысатын жан тасқын судан зардап шеккен жандарға 1 миллион доллар аударды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өзінің инстаграм парақшасына видео жүктеп, 108 мың отбасы эвакуацияланғанын, 8000-нан аса мал қырылып, 5000 үй зардап шеккенін баяндады.
"Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Біз сіздермен біріге топан судан зардап шеккен халыққа 1 миллион доллар жинап үлгердік. Сіздерге үлкен алғыс",-деді "человек в маске".
Видеосын мына жерден көре аласыздар: "Человек в маске" 1 миллион доллар аударды