Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың тергеу изоляторында төбелесіп, жанындағы сотталушыны жарақаттағаны туралы ақпарат тарады

13:58, 02 шілде 2024 1082

Астана қаласының тергеу изоляторында жазасын өтеушілер Б.К мен М.А. арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқаны туралы ақпарат тарады. Зардап шеккен тараптың адвокаты төбелестің болғанын растады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қуандық Бишімбаевтың 1986 жылы туған сотталушыны бірнеше рет жарақаттап, шиеленіс соңы төбелеске ұласқаны айтылды. 

Бишімбаевтың адвокаттары тергеу изоляторында болған төбелесті жоққа шығарып отыр. Қоғамдық қорғаушы Бауыржан Мусин төбелес жайлы ақпаратты жоққа шығарды:

"Мен жаңа ғана Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығына қоңырау шалдым, ол мұндай жағдай болмағанын айтты", – деді Мусин.

Оған қоса, экс-министрдің колонияға қашан ауыстырылатыны айтылды. Адвокаттардың айтуынша, арыз заңды күшіне енген соң Бишімбаев Аршалыға көшірілуі мүмкін.

Ал зардап шеккен тараптың адвокаты төбелестің болғанын растады. Камераласы жанжал кезінде 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салғаны айтылды.

Қазір ел назарын аудартқан оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу органдары жанжалдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға кірісті. Сонымен қатар тергеу изоляторында тұтқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынғаны хабарланды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар