Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев сотта сөз алып, өз адвокаттарының ұстанымын қолдайтынын айтты

15:44, 26 маусым 2024 517

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев бүгін Астана сотында сөз сөйледі. Апелляциялық шағымын қарау кезінде сөз алып, құқық қорғаушылардың ығына жығылатынын хабарлады,деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бүгін Астана сотының апелляциялық сатысы Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісін қарауға кірісті. Таңертең  Бишімбаева адвокаттар сөз сөйледі.

"Мен айтылғандардың бәріне дәлел келтіруге мүмкіндік берілмегенін қоса кеткім келеді. Бізге көптеген материалдармен танысуға рұқсат етілмеді. Рас, мен мұны түсіндім, ешкімге керек емес. Шешім алдын-ала шығарылды. Сондықтан білмеймін, бәрі айтылды. Менде өзімнің адвокаттарымның ұстанымын қолдаймын деп айтудан басқа амал жоқ",-деді бұрынғы министр.

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың мерзімін мейілінше қысқарту әрекетіне қатысты пікір білдірді. 

"Қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймын. Болмаған жағдайда олар Жоғарғы сотқа шағымданады. Ондай құқы бар", - деді ол. 

Нақтылай өтейік, бүгін, 26 маусымда азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сатыдағы сот отырысы сағат 14:30-да жалғасты.

Іс сотталғандар мен олардың қорғаушыларының 2024 жылғы 13 мамырдағы бірінші сатының үкіміне апелляциялық шағымдары бойынша қаралып жатыр. Процесс Жоғарғы соттың YouTube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіліп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар