Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев сараптама қорытындысын жоққа шығарып, айғайға басты

18:42, 09 сәуір 2024 840

Бишімбаев сот-медициналық сарапшысына дауыс көтерді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бишімбаев сот-медициналық сарапшы Халимназаров “есі дұрыс адам белгілі бір күйде мас болса, құлап осындай жарақат алуы мүмкін бе?” деген сауал қойды.

“Сараптама бойынша оның қанынан алкоголь мөлшерінің аз ғана бөлігі табылғандықтан оның мастықтан құлағаны анықталмаған. “Есі дұрыс адам” деп атай алмаймын “қалыпты жағдайдағы адам” мұндай жарақатты дәл осылай өзі құлап ала алмайды”, – деп жауап берді сарапшы. 

Кейін екеуінің арасында келіспеушілік туындап, Бишімбаев сарапшыға дауыс көтерді.

Бишімбаев: – Мен оның мастық деңгейін айтып тұрған жоқпын, сол күйде құлауы мүмкін бе соны сұрап тұрмын?

Сарапшы: – Жоқ.

Бишімбаев: – Сонда ол мас бола тұрып құлай алмай ма? Басын ұрып ала алмай ма?

“Біріншіден дауыс көтерудің қажеті жоқ. Екіншіден сарапшы сұрағыңызға жауап беріп жатыр. Сіз оған кедергі жасап, келесі сұрақты қойғыңыз келеді. Сұрадыңыз ба, аяғына дейін тыңдаңыз. Егер сіз сауалыңыздың жауабын әрі қарай тыңдағыңыз келмесе, бұл жауапты басқа да қатысушылардың тыңдағысы келмейді деген сөз емес”, – деді судья.

Бишімбаев сарапшының жауабына наразылығын білдірді.

“Сарапшы болжам жасап тұр. Егер ол құласа, тұрмайтын еді дейді. Бұл – шын көріністі көруге кедергі жасайтын болжамдар. Сіз егер өлім себебі субдуральды қан ұйю болмағанда тұншықтырудан болатын еді дейсіз. Сонда екі рет өлімге әкелетіндей жарақат әкелінді дегіңіз келіп тұр ма? Бұл деген миға сыймайтын нәрсе ғой. Сіз ойыңызды дұрыс жеткізіп тұрған жоқсыз”, – деді Бишімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар