Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев пен Байжанов сотқа қайта шағым түсірді

20:33, 27 мамыр 2024 561

Шағымды Бақытжан Байжанов тарапы түсірген.

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі бойынша бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағымдар елордалық қалалық сотқа келіп түсті, деп жазады Alash.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеп.

Сот қызметтік кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, 27 мамырда үш апелляциялық шағым келіп түскен.

Бұған дейін ашық форматта жүргізілген сот ісі қазір белгісіз себептермен сайтта жабық күйде, сондықтан құжаттардың мазмұнымен толығырақ танысу мүмкін емес.

Қатарынан үш шағымды қай тарап түсіргеніне қатысты Астаналық сотқа ресми сұрау жіберілді. Әзірге Бақытжан Байжановтың қорғаушысы апелляциялық шағым түсіргендерін растады, ал Қуандық Бишімбаев тарапы әлі ондай өтініш білдірмегендерін айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар