Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев ісі: алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді

15:15, 01 наурыз 2024 470

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді.

Қылмыстық іс Астана қаласы сотында қаралады. Сотталушылардың қатарында Қуандық Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Ал Бақытжан Байжановқа:

  • ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар