Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бишімбаев адамгершілік жағынан - нөл!". Назым Қаһарман Бишімбаевтың "өлімі" жайлы хабарлады

14:40, 11 мамыр 2024 1673

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұқаралық ақпарат құралына сұхбат берді. Өз сұхбатында ол «Біз үшін Қуандық өлді» деп тоқетерін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Назым Қаһарман бұқаралық ақпарат құралына сұхбат берді. Өз сұхбатында министрдің, кейіннен "зектің әйелі" болғандағы кешкен сезімдері мен қиындығы жайлы айтты.Балалардың әкесі Қуандықтан қалай көңілі суып қалғанын хабарлады:

Оның үстіне Қуандықтың жасы 42-де, ол ақыл тоқтатқан шығар, бәрін түсінген шығар деп ойладым. Маусымда (2023) балалар Шымкентке барған. Қайтып келгенде, әуежайдан күтіп алдым, сол кезде үшеуі маған: “Мама, сен дұрыс шешім қабылдапсың, ажырасқаның дұрыс болыпты” деді. Жаңа жылдың отырыста үстелді төңкерген, Шымкентте де дау-дамай болған, осының бәрін көрген балалардың көңілі суып қалды. Әкелерімен кездесуге құлықты болмай, тренировкам бар, занятиям бар деп әрнені сылтауратып жүрді, - деді Назым Қаһарман. 

Cонымен қатар, Назым Қаһарман бұрынғы жұбайы Бишімбаевтың бір күннің ішінде абьюзерге айналмағанын, уақыт өте келе өршелене түскенін мәлімдеді: 

- Маған “14 жыл осындай адаммен бірге тұрып, 3 бала туып бердіңіз, неге ертерек кетіп қалмадыңыз” деп сұрақ қойғандар болды. Қуандық үйленген бойда осындай болған жоқ. Бес жылдан кейін өзгере бастады. Абьюзер деген бірден көрінбейді. Ашуланса, заттарды лақтыруды шығарды. Мен ол кезде екінші баламды босанған кезім. Балаларымды алып қоям деп қорқытты. Мен көніп жүре бердім. Ондай адамдар сенің өзіңді кінәлі етіп қояды. Сонымен де бірнеше жыл өте шықты. Содан мен тренингтерге қатысып, кітаптар оқып,білім жинадым. Ажырасу керек деген шешімге келдім. Ол 14 жыл бойы абьюзер болды деп айта алмаймын. Соңғы 7-9 жыл, мүмкін. Әсіресе, министр болғаннан кейін қатты өзгерді. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, ондай әр отбасында болады. Бірақ біздің отбасымызда ұрыс-жанжалға тек мен ғана кінәлі болып шығатынмын. Себебі олар (абьюзерлер) жауапкершілікті мойындарына алмайды. Мен сол үшін өзімді рухани дамытам деп қанша кітап оқыдым, тренингке бардым, әдемі болып жүруге тырыстым. Сөйтсем проблема менде емес екен. Менде бәрі дұрыс екен. Енді мұны кейін түсіндім ғой. 2014-2017 жылдары ол қатты стрессте жүрді. Ұят болады деген сөз оған жүрмейтін. Адамдардың көзінше айқайлай салатын, бір затты лақтырып жіберетін. Иә, сол жылдары ол үйде де, жұмыста да айналасын стрессте ұстады.

Мұнымен қоса, Назым Қаһарман Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Бишімбаевтың жақсы маман ретінде стратегиялық тұрғыдан үйретері көп болса да,  адамгершілік жағынан ол кісі “нөл” болғанын қадап айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар