Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Былтыр 40-тан астам қазақстандық шет елдерде құлдықта болған – СІМ

19:28, 21 мамыр 2026

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде адам саудасының құрбаны болған қазақстандықтардың саны ресми деректерден әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

– Бұрын есірткі мен қару-жарақ саудасы туралы жиі айтатынбыз. Қазір адам саудасы алдыңғы қатарға шықты. Қазақстан азаматтарының шетелде құлдыққа түсу фактілері бар. Көбіне бұл Таяу Шығыс елдері мен «алтын үшбұрыш» аймағында кездеседі. Атап айтқанда, Бирма мен Вьетнамда осындай жағдайлар тіркелді. Өткен жылы Қазақстанның консулдық қызметкерлерінің көмегімен 40-тан астам ел азаматы қайтарылды, – деді ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко.

Оның сөзінше, қазіргі таңда адам саудасы мен заңсыз орган саудасы – әлемдегі ең табысты қылмыстық бизнестің бірі. Ал құлдыққа түскен жандар кей жағдайда жұмысқа жегіледі.

– Олардың арасында скам-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүр болған азаматтар мен сексуалдық құлдыққа жегілген қыз-келіншектер де болған. Кейбір азаматтар өздері хабарласып, көмек сұрады. Сонымен қатар елшіліктер мен консулдықтар да олардың елге оралуына көмектесті, – деді ол елордада «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң және оны құқықтық қолдану тәжірибесі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар