Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұзуға құқығым жоқ... Құдайға тапсырдым»: Анна Данченко өткір мәлімдеме жасады (ФОТО)

10:17, 21 қыркүйек 2026

Танымал тележүргізуші Анна Данченко жақында өмірден өткен анасын еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Телебағдарламалар жүргізушісі анасының қазасынан кейін еңсесі түсіп, ауыр қайғыдан есін жыйа алмай жүргеніне қарамастан, кәсіби міндетін орындап, той басқаруға мәжбүр болғанын жеткізді. Оның айтуынша, қуаныш иелері бұл шараны жаздың басында-ақ жоспарлап, арнайы өтініш білдіргендіктен, тапсырыстан бас тартуға ыңғайсызданған. Себебі ол өзінің қайғысын алға тартып, бөтен адамдардың қуанышты сәтін бұзуға құқығым жоқ деп есептейді.

«Жүрегің жаралы, бірақ той жүргізіп жүрсің... Біреудің қуанышын бұзуға менің құқығым жоқ. Той иелері үлкен өтінішпен жаз басында шақырып қойып еді, бас тарта алмадым, ыңғайсыздандым...», — деп жазды Анна Данченко.

Сондай-ақ тележүргізуші салтанатты кеш кезінде әдеттегідей анасынан қоңырау күтіп, телефон экранына қайта-қайта қараумен болғанын да тілге тиек етті.

«Қайта-қайта телефонға қараймын. Анам хабарласушы еді: “Тамақ ішіп жүр, мен сені үйде күтіп отырмын” деп», — деп ағынан жарылды ол.

Тележүргізішінің бұл жазбасына кей оқырман орынсыз пікір қалдырғандар да болды:

«Еңбекақыңыз көңіл шаттандырарлық шығар».

Анна Данченко бұл пікірге өз жауабын берді:

«Осындай еркектерге не деуге болады? Барлығын Құдайға тапсырдым».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар