Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұзақылық жасағандар". Прокурор күдіктілерге қандай айып тағылғанын мәлімдеді

16:22, 11 сәуір 2025 993

Талдықорғандағы сот залында Шерзат ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті. Отырыста жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына қатысты айып арқалағандар жайлы дерек айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы өтті. Сот процесінде прокурор айыпталушылар жайлы мәлімет ұсынды. Азаттық радиосы жазуынша, бұгін Талдықорғандағы сот залына 9 сотталушы әкелінген.

Прокурор оларға қандай айып тағылғанын жария еткен:

  • Абзал Шынасыл – "Адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі), "Адам өлтіруге оқталу" (24-баптың 3-бөлігі), "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Равиль Сакиев – "Адам өлтіруге оқталу" (24-баптың 3-бөлігі), "Адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі), "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Азамат Тоқтаубаев – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі), "Ұрлық" (188-баптың 1-бөлігі);
  • Шыңғыс Белғожаев – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Дархан Әскентаев – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Нұрқияс Ілиясов – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Дидар Қалиахмет – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі);
  • Нұрбол Тоқтаубаев – "Бұзақылық" (293-баптың 3-бөлігі) бойынша

және кәмелетке толмаған бір жасөспірімге "қылмыс туралы хабарламаған" (434-бап) деген айып тағылған.

Нақтырақ айтсақ, Шерзат Полаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бас-аяғы 62 томнан тұрады.

Еске сала кетейік, Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне күдікті ретінде ауыр айып тек екі адамға ғана тағылғанын бұрын жазғанбыз.

ALASH.kz мәліметінше, атышулы Шерзат Полат ісінде 9 күдіктінің ішінде тек екеуіне ғана ауыр қылмыс бойынша айып тағылған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

Сәкеев Равиль мен Шынасыл Абзал 

Іс бойынша барлық эпизодтар ауыр қылмыс санатына жатады. Алайда тек екі адам - Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге нақты ауыр айып тағылып отыр. Қалған жетеуіне «бұзақылық» бабымен іс қозғалған. Бұл — мемлекеттік айыптаушының ұстанымы. Ол бұл шешім іс материалдарына сай деп есептейді. Ал жәбірленуші тарап ретінде біз бұған келіспейміз. Дегенмен, бұл — ресми айыптау актісі, — деді Шекеев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар