Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғысына кетті: Әлия Назарбаева үшінші күйеуімен ажырасып кетті -БАҚ

10:13, 18 желтоқсан 2024 681

Әлеуметтік желіде Әлия Назарбаева ресми түрде күйеуімен ажырасып кеткені туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Nege.Aqsha арнасына экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева күйеуі Димаш Досановпен соттасқаны туралы ресми мәлімет түскен.

Досанов Қаңтар оқиғасына дейін "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры қызметін атқарған. БАҚ-та оның бұл қызметке Назарбаеваға үйленгеннен кейін көп ұзамай тағайындалғаны айтылады.

"Ерлі-зайыпты ажырасып, Досанов бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет былтыр пайда болды. Дереккөздеріміздің мәліметтері бойынша ерлі-зайыпты ажырасуға және ортақ балаларының тұрғылықты жерін анықтауға өтініш берді. Сот шешімі 2024 жылы қарашада заңды күшіне енді. БАҚ мәліметінше, Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған", - деп жазды арна.

Әлия Назарбаева сұхбаттарының бірінде Димаш Досановпен таныстығы туралы айтқан.

"Алғаш кездескенде мені мүлдем ұнатпайтындай көрінді. Ол мені ерке ханшайым деп қабылдаған секілді, маған тесіліп қарағаны сонша - зығырымды шығарды", - деді Назарбаева.

Оның сөзінше, екінші кездесуде Досановпен әңгімелескен.

"Тәрбиелі жан екенінен бөлек, Димаш - өте білімді азамат. Америкада, Италияда білім алған. Бірнеше тіл біледі. Мансап жолын төменнен бастағаны, "ҚазМұнайГаз" компаниясында жұмыс істегені ұнайды. Ешкімнің көмегінсіз департамент директоры лауазымына дейін көтерілді. Онымен бірге уақыт өткізген сондай жайлы әрі қызық. Оның отбасылық дәстүрлерді, әйелді, қарттарды құрметтейтінін қатты бағалаймын. Балаларға жақсы қарайды!" - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар