Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұрын-соңды болмаған бастама”: 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті тегін алуға әрі ауыстыруға болады

09:56, 22 желтоқсан 2025

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар оны тегін ала алады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлім етті.

«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алатын азаматтар оны тегін ала алады. Сондай-ақ, жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар да оны тегін ауыстыра алады. Бұл Ішкі істер министрлігінің бұрын-соңды болмаған бастамасы. Яғни, елімізде тұңғыш рет бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар жарна төлемейді, тегін ала алады», - деді Аслан Аталықов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар