ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясының хабарлауынша, сайыпқыран баптаған саятшылар мен құсбегілікке қызығатын қауым үшін XVII ҚР чемпионаты өте тартысты өтпек.
8 ақпанда бастау алған құсбегілер арасындағы ел біріншілігі 12 ақпанға дейін жалғаспақ.
Аталған біріншілікке ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады. Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Тартысты додада талай біріншілікте топ жарғандар өзара бақ сынасады.
Айта кетейік, бұл құсбегілер сайысында бар әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да өз өнерін ортаға салмақ.
Біріншіліктің басты мақсаттарының бірі – ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрді ұмытпай, жаңғыртып, жаңа қырынан көрсету.
Фото: smartnews.kz