Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы күйеуі үш баланың анасын тұншықтырып өлтірген

11:17, 02 мамыр 2024 2630

Үш баланың анасын бұрынғы күйеуі тұншықтырып өлтірген. 1 ақпанда болған қайғылы жағдай туралы “НеМолчи” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан.  Алайда екі жылдан кейін ол отбасына қайта оралып, әйелі оны қабылдаған. 

Сол түні балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда, Айбану ас үйде күйеуіне шәй қойып, артына бұрыла бергенде, ер адам экс-әйеліне шабуылдап, тұншықтырып өлтірген.

"Әйелдің туыстарының айтуынша ер адам Ақтөбеден таксимен келген. Ал таксистке ауылдың шетінде күтіп тұруын айтқан. Бұл мұқият жоспарланған суық қанды кісі өлтіру. Ер адам бәрін алдын-ала жоспарлады. Ал оның мотиві ол бөліскісі келмеген жылжымайтын мүлік мәселесі. Айбану қалада емес, ауылда тұрды. Оған материалдық жағынан қиын болды. Экс-жолдасы екеуіне ортақ пәтер болды", - деді Дина ханым.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп жауап берді Ақтөбе облысының ІІД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар