Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бурақан Дақановтың үйі өртеніп кетті

21:07, 09 маусым 2024 479

"Тәуекел. Теріске бізге аманат" қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті. Ол әлеуметтік желі арқылы көпке танымалы азамат екенін айта кетейік. 

Бүгін Бураханның үйі өртеніп, бала шағасымен далада қалыпты. Бұл туралы блогер Оңғар Қабден өзінің фейсбук парақшасында жариялады. 

Бурахан Дақанов солтүстікті қазақыландырамын деп шырылдап жүрген санаулы азаматтардың бірі екенін айта кетейік.

Ол осыдан үш жыл бұрын Талдықорғаннан Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының "Сер­геевка" деген жеріне көшіп барып, қоныстанған болатын. Көпбалалы әке, теріскейді қазақыландырамын деп теріскейге қазақтарды шақырумен айналысады.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар