Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұндай су тасқыны отыз жылда алғаш рет болып отыр - Нұржан Нұржігітов

14:07, 02 сәуір 2024 602

«Су күтпеген жерден келді»: Қазақстан билігі ел аймақтарындағы су тасқыны туралы толығырақ баяндауда, деп хабарлайды Alash.kz.

Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келесі болатын су тасқынына қарқынды дайындық жүріп жатқанын айтты.

«Бұндай алып су тасқыны Қазақстанда отыз жылда алғаш рет болып отыр», - деді Нұржігітов.

«Бұл жолы болған су тасқыны даладан келген су, өзендермен байланысы жоқ. Неге? Бұл - климат. Желтоқсанға оралсақ... Тіпті Астананың өзінде естеріңізде болса, жаңбыр жауып, күн жылы болды. Аяз басталғанға дейін ауа-райы қалыпты болды. Кейін жаңбыр жауып, аяз күшейте түсті. Қазір далада қар еріп жатыр», - деді Сыздықов.

Оның айтуынша, мұндай су есепке алынбайды. Тек өзендер мен су қоймаларынан келетін су ғана есепке алынып, бақылауда болады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар