Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл – тек AZAL оқиғасы үшін алғыс білдіру емес»: Әзірбайжан халқы іздеу жұмыстарына көмекке келді (ФОТО)

17:44, 24 қыркүйек 2026

Каспий теңізінің жағалауында әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге әзербайжан диаспорасының өкілдері келді. Олар іздестіру операциясына қатысып жатқан адамдарға тамақ пен су жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia тілшісі ақпаратына сүйеніп.

«Достлуг» диаспорасының өкілі Эльмир Шахсуваровтың айтуынша, Ақтауда тұратын әзербайжандар бұл жағдайға бейжай қарамауды шешкен.

– Қайғылы оқиға болғанын естіген бойда қолымыздан келгенше көмектесуге келдік. Біз Ақтауда тұрып, жұмыс істейміз, сондықтан бұл жағдайға бейжай қарай алмадық. Әзербайжандықтар жиналып, әркім қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Азық-түлік пен су әкелдік. Қаза болғандардың барлығы табылғанша осында боламыз. Біз бауырлас халықпыз және бір-бірімізді қолдауымыз керек, – деді ол Ulysmedia.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Шахсуваров Ақтауға жақын жерде AZAL ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін қазақстандықтардың көрсеткен көмегін де еске алды. Алайда оның айтуынша, қазіргі қолдау «қарызды қайтару» мақсатында көрсетіліп отырған жоқ.

– Бұл – тек AZAL оқиғасы үшін алғыс білдіру емес. Біз осында тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біз көмектесуге міндеттіміз, – деп қосты ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар