Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір апта жүрсе, ата-анасына аман-есен жетер еді»: Белгілі журналист сарбаздар туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:23, 24 қыркүйек 2026

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист теңіз ағыны алып кеткен сарбаздардың әскердегі мерзімді қызметтері аяқталуға аз-ақ уақыт қалғанын атай отырып, бұл оқиғаның орны толмас қайғы екенін жеткізді.

«Су түбіне кеткен сарбаздардың әскери қызметтерін аяқтап, үйлеріне қайтуға аз-ақ қалған деп жазып жатыр. Көбісі енді бір апта жүрсе, ата-анасына аман жетер еді... Әскердегі баласының өлімін кенеттен естуден асқан қасірет жоқ шығар жер бетінде. Шейіт болған барша жанның отбасына қайғыра көңіл айтамын, ата-анасына сабыр берсін. Қиын, қиын... жүректі қарс айырған қайғы болды бұл...», — деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар