Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Есімдері белгілі болды»: Каспийдегі қаза тапқан әскерилердің тізімі жарияланды

16:11, 24 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала таралған мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері тізімі төмендегідей:

1. Сержан Аяпберген

2. Асет Жанабай

3. Алмас Көбенов

4. О. Мұхтарұлы

5. Женис Темиргалиев

6. Азамат Мадихан

7. Ақылбек Төлеген

8. Өмірбек Өмірзақ

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың толық аты-жөні мен нақты саны бойынша ресми ақпаратты құзырлы мемлекеттік органдар қосымша нақтылап жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлап, дауылды желдің салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз ағыны алып кеткенін мәлімдеген болатын. Алдын ала деректер бойынша, теңізге кеткендердің тоғызы қаза тапса, үшеуі аман құтқарылды. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар