Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айыпталушының эмоциялық жағдайына байланысты»: Ұлдананың қазасына сот үкімі қашан шығады?

16:32, 24 қыркүйек 2026

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі сотталушының соңғы сөзге дайындалуына мүмкіндік беру үшін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Істі қарап жатқан судья Меруерт Абаева мұндай шешімді МҮБТ (ОСИ) төрайымы Сәуле Жұбаниязованың эмоционалдық жағдайын ескере отырып қабылдады. Сотта тараптардың жарыссөзі толық аяқталды. Мемлекеттік айыптаушы Жұбаниязоваға 2 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын сұраған болатын. Ал марқұмның анасы Салима Омарова соттан айыпталушыны түрмеге жаппауды өтініп, моральдық өтемақыдан бас тартқан еді. Енді сотталушы өзінің соңғы сөзін 1 қазанда сағат 15:00-де айтады деп жоспарланған. Сот соңғы сөзді тыңдаған соң, үкімнің қашан оқылатыны белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар