Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«9 әскери қызметші қаза тапты»: Төтенше жағдай министрлігі шұғыл ақпарат таратты

15:23, 24 қыркүйек 2026

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған үкіметтік комиссияны басқарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Қанат Бозымбаев төтенше оқиға орнына арнайы ұшып шықты. Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, бейінді министрліктердің өкілдері, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің басшылығы енгізілді. Комиссия мүшелері Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде орын алған кайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын жан-жақты зерттейтін болады. Сонымен қатар вице-премьерге қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар