Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құдай ар-ұят таратып жатқанда, саған ештеңе тимеген сияқты»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға жауап берді

14:16, 24 қыркүйек 2026

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде бұрынғы шәкірті, әнші Мөлдір Әуелбекованың жазбасына ашуланып, оған шұғыл түрде жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Даудың туындауына Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасында оқырманы қойған ұстаздарымен татуласу туралы сұрағы себеп болған еді. Әнші бұл сауалға «Құдай сақтасын, беті аулақ» деп қысқа қайырған болатын. Продюсер Баян Алагөзова бұл жауапты жауапсыз қалдырмай, экс-шәкіртінің әрекетіне шүйлікті. Ол Мөлдірге басқа шәкірттеріне қарағанда әлдеқайда көп еңбек сіңіргенін, алайда оның мұны бағаламағанын айтып, ренішін ашық білдірді.

«Сен менің ең жақсы шәкіртім болдың! Мен саған басқалардың бәріне қарағанда әлдеқайда көп нәрсе бердім. Бірақ Құдай ар-ұят таратып жатқанда, саған ештеңе тимеген сияқты», — деді Баян Алагөзова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар