Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шалқар» радиосының жүлдегерлері қалай анықталды?

15:19, 24 қыркүйек 2026

Биыл «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойы жыл басынан бері атап өтілуде, деп жазады Alash.KZ.

Мерейтойлық шаралар аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітова атындағы  дикторлар байқауы  жариялаған болатын.

Байқаудың демеушісі – көрнекті жазушы «Ғабиден Құлахмет» қоры. Байқауға қатысқан 17 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер жазушы Ғабиден Құлахмет шығармаларынан екі минуттық мәтінді оқып, аудио файлмен бірге өзінің қысқаша өмірбаянын  жолдаған.

Байқауда мектептің 11-сынып оқушыларынан бастап, колледж және ЖОО студенттері және әр түрлі саланың мамандары өзінің бағын сынады. 

Нәтижесінде байқауға қырыққа жуық жұмыс келіп түскен. Қатысушылардың ішінен:  1 - Бас жүлде, екі 1-орын, екі 2-орын, үш 3-орын және 5 ынталандыру сыйлығының жүлдегерлері анықталған. 

Байқаудың жүлдегерлерін ақшалай сыйақымен марапаттау рәсімі        25 қыркүйек күні сағат 11.00- де «Шалқар» радиосының мәжіліс залында өтеді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар