Бүгін, 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 әскер суға кетіп, тоғызының мәйіті табылды. Үшеуі аман, ал тағы жетеуінен хабар ошар жоқ. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.KZ
Осы әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылып, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқаратын болды.
Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, Бозымбаев қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көмек көрсету мәселесін шешеді.
«Премьер-министр Олжас Бектенов Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметтік комиссияның құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірген.