Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Магнитудасы қандай?»: Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді (ФОТО)

15:39, 24 қыркүйек 2026

Каспий теңізінде 24 қыркүйек күні сағат 10:46-да магнитудасы 3,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап. 

Әзербайжанның Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы шамамен 15 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұған дейін сарапшылар Каспий акваториясында сейсмикалық белсенділіктің жиілегенін атап өткен болатын. Мамандар өңірдегі жер сілкіністерінің жиілеуін аймақта жүріп жатқан табиғи геологиялық процестермен тікелей байланыстырады.

Еске салайық, Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметші суға кетіп, оның 9-ы қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар