Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

32 жылдан кейінгі тарих - Милад Карими Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

14:05, 24 қыркүйек 2026

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады Alash.KZ.

Ұлттық құрама спортшысы спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығу бойынша финалда өнер көрсетіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Каримидің нәтижесі Қазақстан үшін де маңызды жетістік болды. Еліміз аталған бағдарламада Азия ойындарының күміс жүлдесін 32 жылдан кейін қайта жеңіп отыр.

Қазақстандық гимнастика тарихында еркін жаттығудан бұған дейінгі күміс медаль 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында тіркелген. Сол жарыста Сергей Федорченко екінші орын алған еді.

Ал Милад Карими үшін бұл – Азия ойындарындағы еркін жаттығудан алған алғашқы жүлде. Ол 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен құрлық додасында осы бағдарлама бойынша бесінші орын иеленген.

Милад Карими – Қазақстанның спорттық гимнастикадағы негізгі спортшыларының бірі. Ол бұған дейін Олимпиада ойындарында, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап, халықаралық жарыстарда бірнеше рет өнер көрсеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар