Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл сәтті асыға күттік". Сәкен Майғазиевтің келіні көптен елді таңырқатқан жаңалығын жеткізді

14:28, 09 тамыз 2025 441

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия көпшілікке жақсы жаңалығын айтты. Ол Instagram парақшасында өзінің өміріндегі маңызды оқиға жайлы жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әншінің келіні Әділетпен заңды некеге тұрғанын мәлімдеп, оқырманды қуантты.

«Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік», – деп жазды Әдия Stories бөлімінде.

Көп оқырман жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін жолдады. Кейбір желі қолданушылары таңданысын жасырмады. 

«Құтты болсын! Бақытты болыңдар», «Қандай керемет жаңалық! Алла тіл-көзден сақтасын», «Хайырлы неке болсын! Жарқын болашақ тілеймін» деп жүрекжарды тілектерін білдірді, "Сонда осы уақытқа дейін некеде болмадыңдар ма?", "Екі айдай некесіз бірге тұрғансыздар ма?» – деп сұрақ қойғандар да болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар