Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - нағыз көзбояушылық...": Баян Алагөзова Меккеге "жария" үшін баратын әртістерге шүйлікті (ВИДЕО)

21:51, 31 наурыз 2026

Белгілі продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова еліміздегі дін атын жамылатын әртістердің әрекеті туралы ашық пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Баян Мақсатқызы өз сөзінде ел алдында әулие кейпіне еніп, шынтуайтында дінге жат сауық-сайран құратын өнер иелеріне шүйлікті.

Бізде қажылыққа барғанын жариялайтын, Меккенің фонында сэлфи жасап, желіге салатын әртістер бар. Қажылық киімін киіп алып, "Қараңыздар! Мен осындамын! Мен Құдайға құлшылық жасап жатырмын! Меккеге келдім" деп айтады. Кез келген қасиетті, құлшылық ететін жер, ол - сенің Құдаймен жеке қалатын орның! Ал, кей әртістер оны әдейі жариялап жатады. Мен үнемі айтамын. Құдайға махаббатыңды ел алдында паш етудің керегі жоқ! Құдай оны керек қылмайды! Ал, біздің әртістерге керегі - ел алдында құлшылығы арқылы әулие болып көріну. Олар Меккеден келеді. Сосын, бұрынғы қыдырыс пен ішкіліктерін, боқтық айтып, дөрекілік мінез танытуларын жалғастыра береді... Екіжүзділік қой. Мен оның бәрін білемін ғой... Бұл - нағыз көзбояушылық... Сен шынымен өзіңді саналы түрде дінге берілуге дайын деп есептесең, барлық қағидалар мен құлшылықтың құндылықтарын ұстана біл!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар