Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - мүмкін емес". Ұлттық банк Президент тапсырмасын орындай алмайтынын айтты

14:47, 29 қараша 2024 646

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша брифинг өткізіп, жоспарды орындай алмайтынын жеткізді. Жиында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияның ел экономикасын қыспаққа алғанын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

BAQ.KZ порталының хабарлауынша, Сүлейменовке журналист: "Екі жыл бұрын Президент 2025 жылға дейін инфляцияға 3-4 пайызға деңгейіне жеткізу керек деп еді. Ол тапсырманы орындау мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе?" деген сарында сұрақ қойған:

Өздеріңіз көріп отырсыздар, сыртқы және ішкі факторлар өзгеріп жатыр. Сондықтанда келесі жылы инфляция деңгейін 4 пайызға жеткізу - мүмкін емес. Оны мойындауымыз керек. Өйткені доллардың бағамы мен күші өзгеріп жатыр. Сол себепті өз болжамымызда келесі жылы 7 пайыз, ал 2026 жылы 5 пайызға жететінімізге сенеміз, - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы 16 қарашадан бастап интервенция жүргізілгенін айтты.

Оған бір миллиард доллар қаражат жұмсалды. Бұл процеске жеке тұлғалардың әсері жоқ, - деді Сүлейменов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар