Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл менің кенжем емес: Төреғали Төреәлі алтыншы баласының кім екенін айтты

15:46, 07 шілде 2024 774

Жуырда әнші Төреғали Төреәлі тағы да сәбилі болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде нәрестенің жынысын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші өмірге келген сәбиіне ТөреАхмет деген есім берген.

"Өмірге келді тағы бір Ахмет,

Құдайдың мұнысына рахмет.

Алладан өзім барып сұрап алғам

Мұхаммедтің басында дұға тілеп.

Атасы ТөреАхмет деп атын қойды

Ахмет Мұхаммедтің бір аты деп.

Ахмет Байтұрсынов атасындай

Алаштың көзін ашар жыр оқы деп.

Бұны бірақ кенжем деп ойламаймын

Талаптанып көремін бір екі рет!" - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі.

"Балапан дені сау азамат болсын", "Бауы берік болсын", "Керемет көрініс, Алла жар болсын", "Құтты болсын", - деді олар.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар