Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл жерден тірі шықпайсың…»: Нұрайдың қазасына күдікті өз шындығын айтты

16:13, 11 тамыз 2026

21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты айыпталып жатқан Шерхан Аймахан тергеу изоляторы мен психиатриялық емдеу мекемесінде өзіне зор қысым көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Сотталушының мәлімдеуінше, Ақтас ауылындағы республикалық психиатриялық аурухана қызметкерлері оған:

«Бұл жерден тірі шықпайсың, өлігің шығады», – деп сес көрсеткен. 

Сондай-ақ ол тергеу изоляторында азаматтық киімдегі белгісіз тұлғалардың өзі есіне түсіре алмаған жайттарды мойындауға мәжбүрлегенін жеткізді.

Дегенмен, жүргізілген сараптама қорытындысы бойжеткенге шабуыл жасалған сәтте айыпталушының өз әрекеттерінің қаншалықты қауіпті екенін толық түсінгенін және аффект жағдайында болмағанын анықтады. Бірақ Аймаханның өзі бұл сараптама шешімімен келіспей отыр.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 11 қаңтар күні ол бойжеткеннің қарым-қатынасты үзуіне және тұрмысқа шығудан бас тартуына байланысты Нұрайды үйінің маңында аңдып тұрып, оған 35 жерден пышақ жарақатын салған. Қайғылы оқиғадан кейін бой тасалаған ол арада екі күн өткенде Шымкент қаласының маңында құрықталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар