Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл дерттен арылуға шындап кірістім" - Данияр Елеусінов АҚШ-та қандай ем алып жатыр?

18:31, 17 қыркүйек 2026

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Қазақстандық боксшы бұған дейін алкогольге тәуелділік мәселесімен күресіп жүргенін ашық айтқан болатын.

Спортшының сөзінше, қазір оған тек дәрі-дәрмекпен емдеу емес, арнайы кешенді бағдарлама бойынша көмек көрсетіліп жатыр.

«Бұл дерттен арылуға шындап кірістім. Жақын арада бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деді боксшы.

Елеусінов кәсіби мансабын аяқтауды жоспарламайтынын да атап өтті. Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-та өткізген. Сол кездесуде ол филиппиндік Джеймс Бэконды техникалық нокаутпен жеңген. Боксшы алдағы уақытта кәсіби рингтегі мансабын жалғастыруды көздеп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар