Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүкіл Қазақстан танитын атышулы азамат Ресей түрмесінде асулы күйінде табылды

07:45, 10 қазан 2024 1470

Қылмыстық ортада "Леха Семипалатинск" деген атпен танымал 66 жастағы қазақстандық ұры Айтқали Маймұшев Ресейдегі түрмеде асылып өлген күйі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратты Prime Crime Telegram-каналы таратты. Айтқали Маймұшев жазасын Карелия Республикасындағы Надвоицы ауылындағы түзеу колониясында өтегені белгілі.

2023 жылдың шілдесінде Маймұшевті Мәскеу қалалық соты қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды ("вор в законе" деп аталатын) және есірткі саудасы үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?