Қазақстанның танымал жұлдызды жұбы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукаримова ұзақ уақыттан кейін алғаш рет бірге бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әншінің Instagram парақшасында жарияланған видеода Қайрат Нұртас сәби арбасын итеріп келеді, қасында жары Жұлдыз жүр. Бұл сәт көпшіліктің назарын бірден өзіне аударып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.
Себебі, соңғы айларда Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасы туралы түрлі сыбыстар тараған еді. Кей жанкүйерлер “жұлдызды жұптың арасы суып кеткен болуы мүмкін” десе, енді бірі “жаңадан туған сәби Қайраттың баласы емес” деген қауесет таратқан.
Жаңа жарияланған бейне дәл осы әңгімелерге нүкте қойғандай әсер қалдырды. Видео астына жазылған пікірлердің көбі қуаныш пен қолдауға толы болды:
“Міне, бәріміз күткен сәт!”
“Жұлдыз екеуіңіз жарасымды жұпсыздар!”
“Бақытты болыңыздар, ешкімнің сөзіне мән бермеңіздер”
Желі қолданушылары бұл видео арқылы Қайрат пен Жұлдыздың арасы жақсы екенін, отбасының бірлігін көрсетті деп бағалады. Көпшілік “жұлдызды жұптың” қайта табысқанын көріп, қуаныштарын жасырмады.