Апаттан аман қалған Владивосток тұрғыны Кристинаның айтуынша, соқтығысқанға дейін ұшақ бір сағатқа жуық аспанда айналып жүрген.
"Стюардесса қону қиын болатынын айтып, басымды төмен түсіруім керегін ескертті. Төменге түсіп келе жатқанда бүйірге бірдеңе соғылғандай болды. Қозғалтқышқа құс соғысқан секілді болды", - дейді жолаушы.
Қыз жерге соғылған соң есімді жоғалтып алдым, дейді. Ол өзіне келген соң аяғының қысылып қалғанын байқаған. Сосын өздігінен салоннан шығып, оны дәрігерлер күтіп алып, дереу ауруханаға жеткізген.