Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгінгі референдум АЭС-тің салыну-салынбауына қатысты – Мәулен Әшімбаев

09:28, 06 қазан 2024 390
 

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады, деп жазады Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.  

"Осы референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады.

Бүгінгі дауыс бері Президентіміздің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жүзеге асырылатындығының айғағы.

Өздеріңіз білесіздер, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде тек мемлекеттік органдар аясында ғана емес, халықтың қатысуын, шешімін маңызды деп біледі.

Бүгінгі референдум АЭС-тің салыну-салынбауына қатысты болып отыр. Дегенмен бүгінгі дауыс беруді елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған шара деуге болады", – деді Әшімбаев.

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №164 учаскесінде дауыс беру сағат 7:00-де басталды. Аталған учаскеде 2114 дауыс беруші тіркелген. Сонымен қатар 26 байқаушы қатысып отыр, оның ішінде халықаралық байқаушылар да бар. Алғаш болып дауыс берген елорда тұрғынына кішігірім сыйлық берілді.

6 қазанда сағат 07:00-де облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, барлық 10 249 учаскесі дауыс беруге кірісті. Тек 84 учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Өз таңдауын үкімет басшысы Олжас Бектенов жасап үлгерді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар