Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті»: Зайытов 30 жылдағы Қазақстан кемістігіне тоқталды (Видео)

17:41, 19 наурыз 2025 514

Мәжіліс депутаты «Қазақ қоғамы рухани дағдарысқа ұшырап барады» деп, ашынды.

Ринат Зайытов елімізде 30 жылда кеткен кемшіліктерге тоқталды, деп жазады Alash.KZ.

«Қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани кемістікке ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түпкірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, бір адам жазықсыз істі болып, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды. 
 
Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті», - дейді депутат.

Ол қоғамның қатыгез бола бастауына көптеген себеп әсер еткенін айтты. "Айталық тұрмыстағы таршылық, тәрбиенің жоқтығы, жеткіншектерге үлгі болатын тұлғалардың құбыжыққа айналуы, материалдық байлықтың бірінші орынға шығуы, әлеуметтік желідегі белгілі тұлғалардан бастап, әртүрлі дін мен ұлт өкілдерінің ашық соғысы - осының бәрі адамның рухани тозып, қатыгез болуына әкеп соғып жатыр" деді депутат. 

Сондай-ақ ол идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді ұсынды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар