Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұдан былай жедел жәрдем 18.00-ден кейін барлық қазақстандықтарға келе бермейді

14:39, 25 қыркүйек 2024 3675

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Alash.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Құжат «Ашық НҚА» порталында «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасына түсіндірме жазба ұсынылды. 

Өзгеріс енгізудегі мақсат Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиациясы қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу екені айтылған. Құжатқа сәйкес, МСАК ұйымының мобильдік бригадасы қызмет көрсетуге жататын жеделдіктің 4 (төрт) санатына бөлінеді: 

  • жеделдіктің бірінші санатындағы шақыру – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі; 
  • жеделдіктің екінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі; 
  • жеделдіктің үшінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі; 
  • жеделдіктің төртінші санатындағы шақыру – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағза мен жүйенің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі. 

Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін ЖМКК диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап келу уақыты: 

  • 1 шұғылдық санаты – он минутқа дейін; 
  • 2 шұғылдық санаты – он бес минутқа дейін;
  • 3 шұғылдық санаты – отыз минутқа дейін;
  • 4 шұғылдық санаты – алпыс минутқа дейін. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар