Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БҚО-да үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

04:28, 28 маусым 2023 268
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды.
Мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы М.Байсалов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен құттықтады.
Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова, Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Тукпанов, Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Жұмақай, «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы А.Базарбаев пен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсесінің бас маманы А.Сарсенова, облыстың бірқатар мемлекеттік қызметшілері облыс әкімінің және департамент басшысының грамоталарымен алғыс хаттарын алды.
Салтанатты жиында сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың жеңімпаздарына, «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының, «Отбасым – үйім, Отбасым – тірегім» мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасындағы эстафета жарысының жеңімпаздарына, «Ана тілім – арым» дәстүрлі облыстық байқауының және «Үздік ауыл әкімі» мен «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» конкурстарының жеңімпаздарына жүлделер табыс етілді.
Іс-шарада Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы М.Танабаев пен Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы М.Сұлтанова салтанатты түрде ант қабылдады.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар