Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БҚО-да кәсіпкер аналардың әлеуетін көтерген шара өтті

07:14, 24 шілде 2023 231
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында жергілікті нәзік жандылар қауымының әлеуетін көтеруге арналған «Өмір. Өнеге. Өрнек» тақырыбында мазмұнды шара өтті.

Жиынға арнайы келген облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жансұлу Төремұратова қазіргі заман әйелдерінің алдында тұрған отбасы тұтастығы, тәрбие мен тәлім, кәсіпкерлік көкжиектері туралы баяндама жасады.

Шара әйелдер қолына шыққан бұйымдар мен тағамдар көрмесінен басталып, оны кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінен жиналғандарды хабардар етті.

Әйелдер қауымының шағын және орта бизнеске қосқан үлесі туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Надежда Жұбаниязова хабарлама жасаса, көпбалалы кәсіпкер аналар атынан Шынар Нәжмеденова сөз сөйледі. Ұстаздық қызметпен қатар, өз үйінің ауласында шағын инкубатор арқылы құс өсіретін ферма ашып алған Әсемгүл Құрманғожиеваның үйрету бағытындағы практикалық дәрісі де көптің көңілінен шықты.

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы өкілдерінің назарына зерлі көрпе тыстары, қолдан жасалған әшекейлер, бас киімдер, аяқ киімдер, тоқылған шәлілер, сөмкелер, түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, табыс көзін өзгешелеу бағыттан тапқан әйел адамдар да көпшіліктің назарын аудартты. Мысалы, Мәдина Тәжібаева жеміс-жидектен түрлі тәттілер жасап жүрген жан. Ол көрмеге хош иісті шайын ала келіп, жиналғандарға құйып берді. Сол секілді Тауила Усманғалиева да үй жағдайында жасалған халал шұжықтан және басқа да ет өнімдерінен дәм татырды.

Шараның екінші бөлімінде облыстан келген қонақтар кәсіпкер әйелдер қауымына қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша сабақ өткізіп, соңынан ашық диалог алаңын ұйымдастырды. Осы жерде түрлі мемлекеттік бағдарламалар, ауқымды жобалар, гранттар, жеңілдетілген несиелер туралы толық мәлімет берілді.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар