Оның айтуынша, пилоттық ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында есепті кезеңде денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері оң болған. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 айында ауылдық жерлердегі жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 7,6-дан 7,0-ге дейін 8%-ға төмендеген. Ана өлімі тіркелмеген.
-"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінде 2025 жылға дейін 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы - 24 объект (7 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт), 2024 жылы - 26 объект (5 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт) салынбақ. Бүгінгі таңда 50 нысанға жер учаскелері ресімделді. БҚО Құрылыс басқармасы 2023 жылға жоспарланған 24 медициналық нысанның 14 объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірледі. Аталған нысандар бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды, 12 медициналық нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 3,6 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы кезеңде барлық 12 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұдан басқа, "TurarHealthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "TurarHealthcare" КЕАҚ 3 эталондық жоба әзірледі. Бүгінгі таңда сараптаманың оң қорытындысы алынды. Олар: Ақжайық ауданы Базартөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория; Бөрлі ауданы Қарағанды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт; Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылындаңы медициналық пункт. Қалған 7 медициналық нысан үшін жобалық-сметалық құжаттар байланыстыруға облыстық бюджеттен 36 902,0 мың теңге бөлінді, - деді Е.Тоқсанов.
Ағымдағы жылы "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында 2 ауданаралық аурухананың ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Олар Казталов аудандық ауруханасы мен Бөрлі аудандық ауруханасы базасында болады. 2023-2025 жылдары Бөрлі (154 кереует орынға есептелген) және Казталов (100 орынға есептелген) аудандық ауруханалары жанынан инсульт орталығын, тері арқылы араласу орталығын (ЧКВ-чрескожные коронарные вмешательства), травматология бөлімін ашу жоспарланып отыр. Бұл жағдайда Бөрлі ауданаралық ауруханасы 93 425 адамға және Казталов ауданаралық ауруханасы 56 586 адамға қызмет көрсететін болады.
Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыстық көпбейінді аурухана базасында телемедицина жұмыс жасайды, қазіргі таңда 1778 консультация өткізілді, оның 74-і республикалық орталықтармен және 1704-і аудандық медициналық ұйымдар үшін. Облыстың 9 ауданы телемедицинаға қосылған. Алдағы уақытта облыстың қалған аудандарын қосу жоспарлануда.