Оның айтуынша, 475,6 млрд. теңге көлеміндегі облыстың жылдық бюджеті 35%-ға жергілікті деңгейге түсетін салықтар мен салықтық емес төлемдерден, яғни өзіндік кірістерден тұрады, ал 56%-ы - республикалық бюджеттен берілетін субвенцияға және нысаналы трансферттерге тиесілі.
Облыс бюджетінің шығыс бөлігінде басты назар әлеуметтік салада, бұл бағытта 258,1 млрд. теңге қаралған немесе бюджет көлемінің 54,3% және экономиканың нақты секторында, атап айтқанда аграрлық-өнеркәсіптік сектор, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бұл бағытта 142,3 млрд. теңге немесе бюджеттің 30% қаралған.
Білім беруге 102,2 млрд. теңге бағытталды. "Жайлы мектеп" пилоттық жобасы аясында 9 жалпы білім беретін мектептің құрылысы бойынша жұмыстары басталды.
Денсаулық сақтау саласына 2,4 млрд. теңге бағытталды. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 3 дәрігерлік амбулатория мен 6 ФАП құрылысын, 21 жобаның күрделі жөндеудің қаржыландыру басталды. Орал қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге 1,2 млрд. теңге бөлінді (176 үміткер кредит алды, жылдық жоспар – 238 адам). Жастар арасынан үміткерлерге 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 млн. теңгеге дейін микрокредиттер беріледі.
Тұрғын үй-коммуналдық салаға 14,9 млрд. теңге бағытталды. Орал қаласы және Бөрлі ауданында 15 көппәтерлі тұрғын үйдің (1814 пәтер), сондай-ақ ауылдағы 42 тұрғын үйдің (563 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Орал қаласында және облыстың 3 ауданында 18 тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізіледі. Оралда коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша 7 жоба, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың 29 жобасы іске асырылуда.
Ауыл шаруашылығына, ветеринарияға және қоршаған ортаны қорғауға 19,3 млрд. теңге бағытталды. Ауыл халқына микрокредиттер беруге 6,4 млрд. теңге бөлінді (1,6 млрд. теңгеге 229 микрокредит мақұлданды). Үміткерлерге 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ең жоғары сомасы 8,6 млн. теңгеге дейін микрокредиттер беріледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 1712 өтінімі бойынша мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар төленді.
Көлік саласына 12,2 млрд. теңге бағытталды. 1283 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу қамтамасыз етілді. Көлік саласында 71 жобаны іске асыруға аудандар мен Орал қаласының бюджеттеріне 10,6 млрд. теңге аударылды.
Кәсіпкерлікті қолдауға 1,8 млрд. теңге бағытталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 28 грант, оның ішінде жас кәсіпкерлерге 8 мемлекеттік грант беру жоспарлануда.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін 31 ауылды қамти отырып, 6,6 млрд. теңге бағытталды. 25 жоба аяқталды, 22 жоба ағымдағы жылға ауысады. 2023 жылы 34 ауылды қамту жоспарлануда. Жалпы бюджеті 10,2 млрд. теңгені құрайтын 46 жоба жоспарланған. Оның ішінде есепті кезеңде 2 жоба аяқталды, 44 жоба іске асырылу сатысында.