Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БҚО ӘКІМІ БЕЛГІЛІ ӨНЕРТАНУШЫ ІЛИЯ ЖАҚАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

21 желтоқсан 2023 153
Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, халықаралық Шыңғыс Айтматов және Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемсурет Академиясының академигі, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші Ілия Жақановты қабылдады.



Өңір басшысы белгілі өнертанушыға алғысын білдірді. Одан әрі қарай «Атамекен» өнер ордасында Ілия Жақановтың шығармашылығына арналған республикалық «Еділ-Жайық» суретшілер симпозиуымының ашылу салтанаты өтті. 

Айта кетейік, Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Ақтоғай ауылында жарық дүниеге келген. Ол 1959 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ал 1959-1963 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. Сондай-ақ 1963-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия және радиохабар жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор қызметтерін атқарды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?