Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Босаған лауазым, алапат өрт, сәйкестік”: Алматы ТЖ басшысы өз еркімен қызметтен кетті

13:32, 11 шілде 2025 290

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрлан Атығаев қызметінен кету туралы рапорт жазып, отставкаға кетті. Бұл жаңалықты көпшілік екі күн бұрынғы даулы байланыстыруда, деп жазады Alash.kz.

Ресми мәлімдемеде Атығаевтың қызметтен кетуі еңбек өтілінің аяқталуымен байланысты делінген. Алайда бұл шешімнің дәл қазір, қоғамның қызу назарында тұрған жағдайдан соң қабылдануы күмән туғызбай қоймады.

9 шілде күні Алматының қақ ортасында, Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жүк көлігі өртеніп, оны сөндіру барысындағы әрекеттер әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Куәгерлердің және журналистердің түсірген видеоларында өрт сөндірушілердің көбік қолданбай, суды пайдаланғаны анық көрінеді. Өрттің ортасында тұрған «ГАЗель» бірнеше рет жарылып, қою түтін аспанды торлап кеткен. Қала тұрғындары бұл жағдайды мемлекеттік қызмет сапасының айқын көрінісі ретінде қабылдады.

Бірі бұл - жай сәйкестік десе, енді бірі отставканың себеп-салдарын дәл осы жағдаймен байланыстырады. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі, өз кезегінде, кадрлық өзгерістің желідегі ақпараттарға еш қатысы жоқ екенін, шешімнің алдын ала жоспарланғанын айтып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар